«Ерғалиевтар» отбасы – жүлделі орын иегері

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Ерғалиевтар» отбасы – жүлделі орын иегері
    🔹 Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев отбасы құндылықтарын дәріптеу және өнегелі отбасыларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын қабылдап, оларға құрмет көрсетті.
    🔹 Салтанатты шараға Жамбыл аудандық кезеңінің жеңімпазы, Ерназар ауылынан шыққан «Ерғалиевтар» отбасы да қатысып, облыстық кезеңде ІІ орын иеленді.
    🔹 Кездесу барысында аймақ басшысы отбасы институтының қоғамдағы маңызына тоқталып, берекелі шаңырақтарды үлгі ету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және өнегелі отбасылардың тағылымды тәжірибесін кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
    «Ерғалиевтар» отбасының бұл жетістігі – ауданымыздағы берекелі де өнегелі отбасылардың қоғамдағы орнының айқын көрінісі. Отбасы ынтымағы мен ұрпақ тәрбиесін берік ұстанған шаңырақтың облыстық деңгейде жүлделі орынға ие болуы – зор мәртебе
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары