Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова мен аудандық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Бахытұлы
Жамбыл ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Қуанышбек Тазабеков, білім бөлімінің басшысы Қуаныш Бахытұлы, сондай-ақ ауылдық округтің ақсақалдар мен қамқоршылық кеңестерінің төрағалары, Жамбыл АПБ ҚҚБ аға инспекторы Бахытжамал Өмірзақ
Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен және ата-аналармен кездесу өткізді.
Жиынның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын түсіндіру және жасөспірімдердің жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар отбасы мен білім беру ұйымдарының өзара байланысын нығайтып, балалардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауапты мамандардан нақты түсініктемелер алды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







