
Жаңатілек ауылындабүлдіршіндеріміздің бос уақытын тиімді, қауіпсіз әрі қызықты өткізуіне арналған заманауи үлгідегі балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
Баянауыл ауданы әкімінің орынбасарыҚинаятолла Талиповпен ауыл ақсақалыДәулетбек Бағындықұлы Сүлейменовбүлдіршіндерге ақ жол тілеп, жүрекжарды құттықтауларын арнады.
Әжелер балалардың қуанышы үшін шашу шашып, кішкентай өнерпаздар мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Балалық шақ — ең қамсыз, ең бақытты шақ. Осы заманауи ойын алаңы Жаңатілек ауылының кішкентай тұрғындарының бал-бұл жанған жүздеріне, сыңғырлаған шат күлкісіне тола берсін!






