Ана – отбасының берекесі мен ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің негізін қалаушы. Көпбалалы аналардың еңбегін бағалау – елдің әлеуметтік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі.
Жанама ауылдық округінің тұрғынына көпбалалы ана ретінде «Алтын алқа» төсбелгісі салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты шара барысында анаға зор денсаулық, отбасына амандық, шаңырағына береке-бірлік тілектері айтылып, бала тәрбиесіндегі еңбегі мен қоғамдағы орны ерекше екені атап өтілді.
«Алтын алқа» – ана еңбегіне көрсетілген құрметтің, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестің айқын белгісі.
Көпбалалы анамызды жоғары наградасымен құттықтай отырып, отбасына бақ-береке, балаларының қызығын көруді тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








