Абай күні

    Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

    Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында тағылымдық іс-шара ұйымдастырылды.

    Іс-шара аясында мекемеде жазасын өтеушілер ағаштан түрлі бұйымдар жасап, олардың бетіне қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының портретін бейнеледі. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыстарға ақынның ғибратты сөздері мен өлеңдерінен үзінділер енгізілді.

    Қолдан жасалған бұйымдар арқылы қатысушылар Абайдың мол әдеби мұрасын насихаттап, оның адамгершілік, білім, еңбек және рухани кемелдік туралы тағылымды ойларын кеңінен дәріптеуге үлес қосты.

    Мұндай шығармашылық жұмыстар жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, еңбекке баулуға және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

    Абай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы. Оның шығармалары мен тағылымды ойлары бүгінгі ұрпаққа да, келешек ұрпаққа да бағыт-бағдар беретін мәңгілік мұра болып қала береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары