Президент Жолдауы: халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы – басты басымдық

    Президент Жолдауы: халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы – басты басымдық

    Президент Жолдауы: халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы – басты басымдық

    Қазақстан халқына арналған Президент Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды міндеттер айқындалды. Соның ішінде халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, азаматтардың болашаққа деген сенімін нығайту және зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілді.

    Зейнетақы жүйесі – азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды тетіктердің бірі. Халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы, демографиялық өзгерістер және еңбек нарығындағы жаңа үрдістер зейнетақы жүйесін ұзақ мерзімді перспективада тұрақты әрі тиімді дамытуды талап етеді.

    Осы тұрғыда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мәселесі өзекті. Тұрақты зейнетақы жарналарының болмауы немесе олардың жеткіліксіз мөлшерде аударылуы азаматтың болашақтағы зейнетақы төлеміне тікелей әсер етеді. Сондықтан азаматтардың ресми еңбек қатынастарына қатысуын арттыру, зейнетақы жарналарын тұрақты аударуды қамтамасыз ету және көлеңкелі жұмыспен қамтуды азайту – маңызды міндеттердің бірі.

    Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы тек мемлекеттің ғана емес, жұмыс беруші мен азаматтың да ортақ жауапкершілігіне байланысты. Азаматтың еңбек қызметі барысында тұрақты түрде жарна аударуы – болашақтағы әлеуметтік қамсыздандыруының негізі. Ал жұмыс беруші үшін қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету – заң талаптарын орындаумен қатар, әлеуметтік жауапкершіліктің көрсеткіші.

    Сонымен бірге зейнетақы жинағын ерте бастан қалыптастырудың маңызы зор. Әсіресе жастар еңбек жолын бастаған сәттен бастап өздерінің болашақ әлеуметтік жағдайын ойлағаны жөн. Ұзақ мерзім ішінде тұрақты жинақ қалыптастыру азаматтың зейнет жасына жеткен кездегі қаржылық мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Бүгінде зейнетақы жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі – азаматтардың жинақтарын арттыруға жағдай жасау, тұрақты еңбек қатынастарын қалыптастыру және әлеуметтік аударымдардың үздіксіз түсуін қамтамасыз ету. Бұл шаралар зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтауға және келешек ұрпақ үшін сенімді әлеуметтік кепілдік қалыптастыруға бағытталған.

    Қорытындылай келе, зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы – азаматтардың бүгінгі еңбек белсенділігі мен қаржылық жауапкершілігіне тікелей байланысты. Әр азаматтың тұрақты еңбек етуі, зейнетақы жарналарын уақытылы аударуы және болашағына ерте бастан қамдануы – лайықты қарттықтың маңызды негізі.

    Айгүл Сматова
    Қ.Р. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті №1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары