«Тау барысы» іс-шасы аясында жастармен қауіпсіздік мәселелері талқыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Тау барысы» іс-шасы аясында жастармен қауіпсіздік мәселелері талқыланды

    Жас ұрпақтың белсенділігін арттыру мақсатында облыс әкімінің орынбасары мен ТЖД МӨББ бастығы қатысқан кездесу өтті.

    Кездесуде жастардың қауіпсіздігі, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, табиғат аясында демалған кездегі қауіпсіз әрекет ережелері және төтенше жағдай туындаған кездегі әрекет реттілігі түсіндірілді.

    Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, орман және таулы аймақтарда отпен абайсыз қолданудың ең қауіпті екенін ескертті.

    Іс-шара барысында жастар қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.

    Осындай кездесулер жас ұрпақта жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз әрекет ету дағдыларын арттыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары