ШҚО-да халықаралық ралли үшінші жыл қатарынан мәреге жетеді

    ШҚО-да халықаралық ралли үшінші жыл қатарынан мәреге жетеді

    22 тамыз күні сағат 14:30-да Өскемендегі Достық үйінің алдында (Назарбаев даңғылы, 68) халықаралық раллидің финалы өтеді.

    Биыл жарысқа әлемнің 26 елінен 120-дан астам команда қатысады. Оның ішінде Англия, Дания, Бельгия, Италия, Ирландия, Норвегия, Аустралия, Франция, АҚШ, Канада, Нидерланд, Германия, Швеция, Швейцария, Жаңа Зеландия, Болгария, Словения, Испания және басқа да елдердің өкілдері бар.

    Қатысушылар 10 мың шақырымнан астам жолды еңсеріп, сапарын Шығыс Қазақстанда аяқтайды.

    Ралли барысында шетелдіктер өз әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөліседі. Бұл Шығыс Қазақстан туралы ақпараттың халықаралық аудиторияға таралуына жол ашады.

    Сонымен қатар іс-шара шетелдік БАҚ өкілдерінің, тревел-блогерлер мен автокөлік әуесқойларының назарын өңірдің табиғаты, мәдениеті мен туристік мүмкіндіктеріне аударуға мүмкіндік береді.

    Фотосурет баспасөз қызметінің мұрағатынан

    (Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары