Өскеменде Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтуде

    1 / 3

    Бүгін облыс орталығында «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында Шемонаиха ауданының мәдени күндері өтіп жатыр.

    Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының фойесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қол жеткізген жетістіктері мен қолөнер шеберлерінің туындылары таныстырылған көрме ұйымдастырылды.

    Ал концертте аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары арнайы бағдарлама ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Айта кетейік, ертең сағат8:00-12:00 аралығында «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Шемонаиха ауданының тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері өз өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынады.

    (Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары