Кеңес барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Буллингтің, өз-өзіне қол жұмсаудың, балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, сондай-ақ аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды жою, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларына профилактикалық қызметтің тиімділігін арттыруға, аса ауыр қылмыстардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған нұсқаулар (ұсынымдар) берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы




