
Қызылорда облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 18-21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылауға алып, құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларды анықтауға, профилактикалық есепте тұрған азаматтармен алдын алу жұмыстарын жүргізуге және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі жеткізілуде. Полиция қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік.



