Қызылорда облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлерімен қару-жарақ дүкендерінде жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу жаттығудың негізгі мақсаты – нысандардың қауіпсіздігін күшейту, жеке күзет ұйымдарының қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмін жетілдіру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды пысықтау.
Іс-шара барысында қару-жарақ сататын дүкендерді күзетке алған «Беркут-О» ЖШС, «ТС Секьюрити» ЖШС және «Mobil O.K.Security Company» ЖШС филиалы қызметкерлері мен полиция жасақтарының бірлескен іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда нысанды қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы өзара әрекеттесу тәртібі тексерілді.
Қызметкерлерге күмәнді тұлғалар немесе құқыққа қайшы әрекеттер анықталған жағдайда жедел ақпарат беру, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алғашқы іс-қимылдарды дұрыс ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері және өзге де қауіпсіздік құралдарының жай-күйіне баса назар аударылып, олардың тиімді қолданылуы зерделенді.
Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жалғасады.





