
10-14 тамыз аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық АТТ мүшелерінің ұйымдастыруымен әртүрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, заңға құрмет қалыптастыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу.









