Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды

    Қарағанды облысында егін жинау науқаны басталды

    Қарағанды облысында биылғы ыстық ауа райына байланысты бірқатар шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына әдеттегіден ертерек кірісті. Қазір науқан Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында жүріп жатыр. Бүгінде 37 мың тонна астық бастырылып, 3,7 мың тонна майлы дақыл жиналды. Жаппай егін ору науқаны қыркүйек айының алғашқы күндерінде басталады.
    Аппараттық кеңесте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Түлібековтің мәлімдеуінше, өңірде шамамен 1 млн гектар дәнді дақыл алқабын, 114 мың гектар майлы дақылдарды жинау қажет. Бұдан бөлек, облыста 13 мың гектардан астам картоп және көкөніс алқабы бар.
    Егін жинау жұмыстарына шаруашылықтардағы заманауи ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылады.
    – Биыл 1 966 астық жинайтын комбайн, 609 жатка, 78 картоп жинайтын комбайн және 75 картоп қазғыш пайдаланылады. Күзгі дала жұмыстарына арзандатылған дизель отыны бөлінді. Жиналған өнімді сақтау үшін қажетті база да дайындалуда. Облыста 8 астық қабылдау кәсіпорны мен 704 астық қоймасы, сондай-ақ 138 картоп және көкөніс сақтау қоймасы бар, – деді Әнуар Түлібеков.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары