«Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтатуға және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастау» тақырыбындағы брифинг

    «Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтатуға және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастау» тақырыбындағы брифинг

    _____2026 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн форматта брифинг өткізді.

    _____Брифинг барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің ( бұдан әрі - Кодекс) Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұруға және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастауға байланысты 124-бабының ережелері жеткізілді.

    _____Іс-шара барысында зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтату және осындай тауарларды шығару мерзімін қайта бастауға байланысты, сондай-ақ кедендік операцияларды жасау кезінде Кодекс ережелерін қолдану ерекшеліктері түсіндірілді.

    _____Брифинг қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар беріліп, Кодекс ережелерін қолданудың практикалық аспектілері түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары