«Кедендік құнды айқындау әдістерін қолдану» тақырыбындағы брифинг

    «Кедендік құнды айқындау әдістерін қолдану» тақырыбындағы брифинг

    _____2026 жылғы 13 тамызда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК БДБ) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы брифинг өткізілді.

    _____Брифинг барысында ҚР ҚМ МКК БДБ Кедендік декларациялау мониторингі басқармасының шығарылғаннан кейінгі құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүргізу бөлімінің бас маманы – А.С. Карашиев ЕАЭО нормаларына сәйкес кедендік құнды айқындаудың алты әдісін практикалық қолдану мәселелерін түсіндірді.

    _____Негізгі назар әдістерді қолдану реттілігіне аударылды: әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдістен бастап резервтік әдіске дейін. Сондай-ақ әрбір әдісті нақты жағдайларда қолдану ерекшеліктері және кедендік құнды құжаттамалық растау тәртібі қарастырылды.

    _____Сонымен қатар, қатысушыларға өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, кедендік құнды түзетуге және құжаттамалық растау мүмкіндігі шектеулі жағдайларда әртүрлі әдістерді қолдануға қатысты практикалық кейстер талқыланды.

    _____Брифинг қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және кедендік құнды айқындау мен негіздеу қағидалары бойынша білімдерін жетілдіруге ықпал етті. Бұл халықаралық сауда және тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде ерекше маңызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары