ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

    2026 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратұлы Ертаев жұмыс сапарымен Солтүстістік Қазақстан облысына келді.

    Сапар барысында государственные органы басшысы «Alaqeum» электротехникалық зауытына барып, онда өндірістік процестермен егжей – тегжейлі танысты. Министр қызметкерлердің еңбек жағдайларына және өңірге қоныс аударған азаматтарды жұмысқа орналастыру тәжірибесіне ерекше назар аударды.

    Келесі кезекте Еңбек мобильділігі орталығына барды. Министрлік басшысы ұсынылған ақпаратпен танысып, орталықтың ағымдағы қызметімен танысып және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын бағалады.

    Мемлекеттік саясатты іске асыру аясында қандастарды және СҚО-на қоныс аударушыларды қоныстанедыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Министр бұл бағыттағы жұмысты күшейтудің маңыздылыған атап өтіп, бұл Солтүстік Қазақстан обылысына сұранысқа ие кадрлар мен білікті мамандарды тартуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

    Сондай-ақ Асқарбек Ертаев 2024 жылы біздің қаламызда ашылған қандастарды уақытша орналастыру орталығына барды. Орталық этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қажетті құжаттарды рәсімдеп, қандас мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруға арналған.

    Министр мемлекеттік қолдау отбасының жаңа ортаға бейімделуінің барлық кезеңін қамтуы керек екенін айтты. Яғни құжаттарды рәсімдеу мен уақытша орналыстырудан бастап, жұмысқа орналасу, тұрақты табыс табу және өңірде өз бетінше өмір сүруге дейінгі мәселелерге қолдау көрсетіліуі қажеттілігін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары