
Талғат Ахметов 29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды. Биыл сәуір айынан бастап ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды, кейін басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Талғат Ахметов 1990 жылы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақстан-Американдық еркін университетін тәмамдаған. Аспап жасау, экономика, құқықтану және құрылыс салалары бойынша білімі бар.
Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік мүлік және Шығыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылауы салаларында еңбек еткен.
2018-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы басқармасының бөлімін басқарды. Кейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.









