
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі дегеніміз не?
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – бұл зейнеткерлік жасқа толған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем.Ол Біріңғай жинақтық зейнетақы қорындағыжинақтармен еңбек өтіліне қарамастан,республикалық бюджеттен төленеді.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері неге байланысты?
Базалық зейнетақы мөлшеріне 1998 жылға дейін жинақталған еңбекөтіліжәне 1998 жылдан кейінгі зейнетақы жинақтық жүйесіне қатысу өтіліәсер етеді.
2026 жылғы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің70%-ын құрайды. Базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері60 005 теңгені немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 118%-ын құрайды.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне не есептеледі?
1) Әлеуметтік кодекстің 208-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдегі еңбек өтілі, ;
2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
3) еңбек, кәсіпкерлік қызмет кезеңдері;
4) жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің жас балалардың (олардың іс жүзінде күтіміне байланысты) күтіміне жұмсаған уақыты, бірақ әр бала 3 жасқа толғанға дейінгі мерзімде жалпы жиынтығында 12 жылдан аспайтын уақыты;
5) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы күту уақыты;
6) әскери қызмет кезеңдері;
7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарғакүтім жасау уақыты.
4.Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе осы Қағидаларға4-қосымшағасәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
5. Бүгін базалық зейнетақы төлемінде не өзгерді?
Бұрын базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне қарамастан барлық алушылар үшін бірдей болды. Қазіргі уақытта: еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өтіл неғұрлым көп болса, базалық зейнетақы соғұрлым жоғары болады.
https://www.instagram.com/reel/Dd6Oe0MIPbz/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==








