
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұ.Оразгелдіұлының төрағалығымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштердің түрлерін саралау, оларды қарау мерзімдері және тыңдау рәсімін өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын бірізді қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары талқыланып, конституциялық реформалардың елдің тұрақты дамуы мен қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі ерекше аталып өтілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.









