Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2026 жылғы 5 тамызда стоматологиялық клиникалар басшыларының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда Атырау облысы бойынша жалпы медициналық қызметке, медициналық көмек беру сапасы бойынша департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Стоматологиялық ұйымдарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы баяндалды.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап денсаулық сақтау субъектілері үшін міндетті біліктілік талабы ретінде пациенттердің дербес медициналық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ететін, қолданыстағы медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыруға арналған медициналық цифрлық жүйенің (МЦЖ) болуы енгізілгендігі айтылды.
Медициналық цифрлық жүйенің болуы лицензияны (немесе лицензияға қосымшаны) алу кезінде, сондай-ақ профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру барысында тексерілетін болады.
Сәйкестікті растау үшін МЦЖ жеткізушісімен жасалған шартты ұсыну және жүйенің өндірістік базада жұмыс істеу қабілетін көрсету қажет.
Семинар соңында стоматологиялық клиникалар өкілдерінің қойылған сұрақтарына толықтырылған жауаптар берілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2026 жылғы 5 тамызда стоматологиялық клиникалар басшыларының қатысуымен семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 2 қазан күні тұрақты оқырмандармен қазақ балалар киносының негізін қалаушылардың бірі, кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевқа 100 жыл толуына орай «Қазақфильмнің қара баласы» атты әдеби сағат өтті.
Ашу
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстарына салық салу
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада ағаш отырғызылды
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
2026 жылы 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Көктерек ауылдық округінің Мәдениет үйінде ауылымыздың ардақты қарттарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.
Ашу
Rakuten Sports, Astana Tourism Development Centre и Almaty Tourism Bureau объединят усилия для развития спортивного туризма в Казахстане
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары
Дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру жүйесі қалай жұмыс істейді, соңғы жылдары қандай өзгерістер болды
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуДӘРІЛІК ЗАТТЫ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ ЖӘНЕ ПРЕПАРАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде 2026 жылғы 22 қыркүйекте «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу«Тіл – тірегім»
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуАшық есік күні
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу