
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Спорт — денсаулықтың, күш-жігердің, тәртіп пен жаңа жетістіктерге ұмтылыстың кепілі. Ол адамдарды біріктіріп, жігерлілік пен табандылыққа тәрбиелейді, командалық рухты қалыптастырады және салауатты, әрі белсенді өмір салтын ұстанудың маңызды бөлігі болып табылады.
Ауданымызда дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлес қосып жүрген жаттықтырушыларға, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне, спортшыларға, спорт ардагерлеріне, спорттық іс-шараларды ұйымдастырушыларға және барша азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін.
Спортшыларға жаңа жеңістер мен биік жетістіктер, жаттықтырушыларға талантты шәкірттер, ал барлық аудан тұрғындарына зор денсаулық, күш-қуат, сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!
Спорт бұдан әрі де жастарымызды біріктіріп, жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырсын және Сандықтау ауданына толағай табыстар мен лайықты жеңістер әкелсін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.









