Басты назарда — өрт сөндіру бекеттерін дамыту

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Басты назарда — өрт сөндіру бекеттерін дамыту

    Түркістан облысында «Ауыл құтқарушылары» жобасын дамыту, елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейту және ТЖ-ді алдын алу мәселелері талқыланды.

    Осы орайда облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасовтың төрағалығымен аудандық әкімдіктер өкілдері мен жауапты тұлғалардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

    Кеңес барысында аудандарда «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру пункттерін ашу мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар, шалғайдағы елді мекендердегі өрттерге жедел реакция көрсету, халық арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және ерікті құтқарушылар санын арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары