Ведомствоаралық жұмыс тобы мен ауылдық округтердің елді мекендерінде үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және есепке алу саласындағы заңнама талаптары түсіндірілуде.
Аталған жұмыстың негізгі мақсаттары – ауыл шаруашылығы жануарларын толық сәйкестендіру мен есепке алуды қамтамасыз ету, ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттыру, мал ұрлығының алдын алу, есепке алынбаған мал басын анықтау, малды бақылаусыз жаю фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ ветеринариялық, салық және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Ауданның 7 ауылдық округінде тұрғындармен кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті түрде сәйкестендіруден өткізу қажеттілігі туралы 218 хабарлама табысталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Ақмола облысының прокуратурасы




