Біржан сал ауданында электоралды кезеңінде заңдылықты сақтау мәселелері талқыланды

    Ағымдағы жылғы 13 тамызда аудандық әкімдікте Біржан сал ауданының прокуроры Ануар Құлышев аудан активімен Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Іс-шараға өңірдің барлық деңгейдегі әкімдері, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және аумақтық мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.

    Кездесу барысында сайлау заңнамасының негізгі талаптары қаралып, оларды бұзғаны үшін жауаптылық түрлері түсіндірілді.

    Жергілікті қадағалау органының басшысы сайлау процесінің әрбір кезеңінде заң мен тәртіп қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтті.

    Кеңес қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға электоралды кезеңде заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары