
Бүгін — еліміздің мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін маңызды күн. 14 тамыз — Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні.
Бұл күн — ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға және салықтық әрі кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге өз үлесін қосып жүрген мамандардың еңбегін атап өтетін ерекше күн.
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті атынан барлық әріптестерімізді кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз!
Күнделікті еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Мемлекет игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым абыройлы болсын!
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері күні құтты болсын









