Қызылорда облысының аумағында «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 1200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 98, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың – 38, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көліктерге қатысты – 81, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың – 113, қауіпсіздік белдігін тақпау және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 361 дерегі анықталды. Сонымен қатар масаң күйде көлік құралын басқарудың – 8, көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілердің көлік басқаруының – 59, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің қайта көлік басқаруының – 8 дерегі тіркелді. Әкімшілік шаралар нәтижесінде 91 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ қозғалысын шектеу мақсатында 206 автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
«Қауіпсіз жол» Қызылорда облысында 1200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

№39 өрт сөндіру бөлімінің аумағы жаңаша безендірілді
АшуОперативная информация о чрезвычайных ситуациях за сутки (28 сентября 2026 года)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу📚 Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуҚызылордада «Жас сақшы – болашақ ел қорғаны» атты спорттық – патриоттық сайыс өтті
Ашу
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Ашу
"" жаңалықтары

Заң және тәртіп: Қызылорда облысында полиция ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті
АшуҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҮЛЕС ҚОСУДА
АшуҚару-жарақ дүкендерінде жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді
Ашу
Жалған нөмірлер : бір күнде 147 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу
" Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік".
Ашу