
Облыс көлемінде өтіп жатқан «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір күн ішінде 147 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көлік құралдарына жалған, қолдан жасалған немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланудың алдын алу және жолын кесу.
Полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстарды жалғастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылауды күшейтуде.
Құрметті жүргізушілер!
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін заң талаптарына сәйкес пайдаланыңыздар. Жол ережесін сақтап, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараңыздар.








