
13 тамызда аудандық мәслихатта кезекті сессия өтіп, оның барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Сессия барысында жастарды қолдауға және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау және 2026–2030 жылдарға арналған ауданның даму жоспарына өзгерістер енгізу мәселелерін қарады.
Сессияның күн тәртібіне жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және учаскелік әрі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын өзектендіру мәселелері енгізілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.






