
«Қауіпсіз жол»: екі күнде ШҚО-да 1 000-ға жуық құқықбұзушылық анықталды
10-12 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Екі күн ішінде полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 988 фактісін анықтады.
Іс-шара барысында көлік құралын масаң күйде басқарған 15 жүргізуші ұсталды. Тағы 11 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
Жиі кездесетін құқықбұзушылықтардың қатарында көлік басқару кезінде телефон пайдалану – 273 дерек және 388 қауіпсіздік белдігін тақпау дерегінің жолы кесілді. Бұл ең көп таралған құқықбұзушылықтардың бірі болып саналады және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың 30 қайта рөлге отыру фактісінің және мұндай құқықтан айырылған жүргізушілердің көлік басқаруының 5 фактісінің жолы кесілді. 75 көлік құралы, оның ішінде мотоцикл мен электрвелосипедтер арнайы тұраққа қойылды.
ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға, көлік тізгінінде мұқият болуға және жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушыға байланысты екенін есте сақтауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









