Бүгін Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы қала бойынша алғашқы жұмыс сапарын өткізді.
Салалық мамандармен бірге ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар нысандар араланды. Атап айтқанда, апатты тұрғын үйлердің жағдайы, жол және инженерлік инфрақұрылымның жекелеген учаскелері, сондай-ақ Балқаш көлінің жағалауы қаралды.
Жұмыс сапары барысында мәселелерді тек есептерге сүйеніп емес, нысандардың нақты жағдайын тікелей жерде бағалау арқылы зерделеуге басымдық берілді. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Сапар қорытындысы бойынша жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы әкімнің жеке бақылауына алынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жақын күндері қала әкімі Балқаштың басқа да аудандарын аралап, ондағы жағдаймен жан-жақты танысып, алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындайды.
Нақты нәтижеге жүйелі жұмыс, тұрақты бақылау және ортақ жауапкершілік арқылы қол жеткізіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








