Бүгін Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы жұмыс сапарымен Саяқ кентіне барып, елді мекендегі негізгі әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымның жай-күйімен танысты.
Сапар аясында қала әкімі білім беру мекемелерін, жергілікті аурухананы аралап, қазандықтың жұмысы мен инженерлік инфрақұрылымның жағдайын тексерді.
Мектептерді аралау барысында балалардың білім алуына жасалған жағдайға, мекемелердің материалдық-техникалық базасына және өзекті қажеттіліктеріне назар аударылды. Ал ауруханада тұрғындарға медициналық көмек көрсету жағдайымен және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелермен танысты.
Сондай-ақ қазандықтың жұмысына ерекше назар аударылды. Жылумен тұрақты қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуі тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселелердің бірі.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты басшылармен бірқатар мәселені талқылап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Саяқ кентін дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








