"Қауіпсіз жол": Абай облысында мас скутер жүргізушісінің жолы кесілді.

    "Қауіпсіз жол": Абай облысында мас скутер жүргізушісінің жолы кесілді.

    Абай облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мас күйінде көлік басқарған азамат анықталды.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Семей–Долон–Қоянбай автожолындағы кезекті рейдтік іс-шара барысында сағат21:49 шамасындаABS маркалы скутердібасқарған 51 жастағы азаматты тоқтатты. Құжаттарды тексеру және әңгімелесу кезінде жүргізушіден алкогольге тән иіс сезілген.

    Осыған байланысты азамат медициналық куәландырудан өткізілді. Сараптама нәтижесінде оның көлік құралынжеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарғаныанықталды.

    Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар соттың қарауына жолданды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылық жасаған тұлғаға7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алутүріндегі жаза көзделген. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

    Мас күйінде рөлге отыру – жай ғана жол қозғалысы ережесін бұзу емес. Бұл – өз өмірімен қатар, жолдағы басқа адамдардың өмірін қауіпке тігу.Бір сәттік жауапсыздық қайғылы салдарға әкеліп, орны толмас өкінішке айналуы мүмкін.

    Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тұрақты түрде жалғастыруда. Әрбір рейдтің мақсаты – хаттама толтыру немесе жазалау ғана емес, ең бастысы –жолдағы адам өмірін сақтау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары