
Атырау облысында маусымдық және уақытша жұмысқа тартылатын азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Осыған байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К. Иманғалиев маусымдық және уақытша жұмыскерлердің еңбек құқықтарына қатысты түсіндірме берді.
Түсіндірме барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес маусымдық және уақытша жұмыскерлермен еңбек қатынастарын заң талаптарына сай рәсімдеудің маңыздылығы атап өтілді.
Атап айтқанда, жұмыскер жұмысқа қабылданған кезде еңбек шарты жасалуы тиіс. Еңбек шартында жұмыскердің атқаратын жұмысы, еңбек жағдайлары, жұмыс уақыты, еңбекақы мөлшері және еңбек қатынастарының басқа да маңызды талаптары көрсетіледі.
Маусымдық немесе уақытша жұмыстың сипатына қарамастан, жұмыскерлердің еңбек құқықтары заңмен қорғалады. Жұмыс беруші еңбекақыны уақтылы төлеуге, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер мен талаптарды сақтауға міндетті.
Сонымен қатар, еңбек шартының мерзімі аяқталған кезде еңбек қатынастарын тоқтату заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы қажет.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы азаматтарды еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеуге және өздерінің еңбек құқықтарын білуге шақырады.
Толық түсіндірме: https://www.facebook.com/share/v/1MQQCC7VZR/ , https://www.instagram.com/reel/Db79ZUigQky/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==









