«Жастар» жастар спартакиадасы

    «Жастар» жастар спартакиадасы

    2026 жылдың 6-8 тамыз аралығында Мамлютка қаласында жастар арасында "Жастар - 2026" облыстық спартакиадасы өтті. Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданынан 598 спортшы қатысты. Мағжан Жұмабаев ауданының намысын 50 спортшы қорғап, олар жағажай волейболы, 3×3 баскетбол, шағын футбол, грек-рим күресі және арқан тарту сияқты спорттың бес түрінен бақ сынасты.

    Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша мағжандық жас спортшылар келесідей нәтижеге қол жеткізді:

    - Грек-рим күресі (ұлдар) - 2 орын

    1 орын - Нұрланов Мақсат (60 келі)

    1 орын - Зиберт Богдан (77 келі)

    2 орын - Кеншінбаев Бақтияр (55 келі)

    3 орын - Домнышев Антон (67 келі)

    3 орын - Серік Темірлан (87 келі)

    3 орын - Хамзенов Нұрдәулет (97 келі)

    - Футзал (қыздар) - 4 орын

    - Жағажай волейболы (ұлдар) - 5 орын

    - Жағажай волейболы (қыздар) - 7 орын

    - Арқан тарту (микс) - 8 орын

    Спартакиаданың жалпыкомандалық есебінде Мағжан Жұмабаев ауданының құрама командасы 5 орынды иеленді.

    Осы ретте, барша спортшыларымызға, жаттықтырушыларымызға, өкілдерімізге зор алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта тек жеңістер мен табыстар тілейміз!!!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi" жаңалықтары