«Заң мен тәртіп»

    Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты Нұраталды ауылының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

    Кездесу барысында Конституцияда айқындалған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және жастарға берілетін мүмкіндіктер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, заңға құрметпен қарау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және қоғам өміріне белсенді қатысудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Нұраталды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары