Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығында сейсмикалық жаттығу өтті

    Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығында сейсмикалық жаттығу өтті

    Мегаполистегі қалалық Психикалық сауықтыру орталығында жоспарлы, ауқымды сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды.

    “Алматыда жер сілкінісі кезінде қалалық Психикалық сауықтыру орталығының ерлер бөлімінде өрт тұтанды” деген хабар түсе салысымен құтқарушылар тілсіз жаудың құрсауынан 20 емделуші мен 7 медицина қызметкерін қауіпсіз жерге шұғыл көшіріп үлгерді. Тіпті, түтінге уланған бір науқасты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жөнелтті.

    Жаттығу кезінде орталық қызметкерлері жедел шешім қабылдап, шұғыл әрекет етіп, біліктілігін көрсетті.

    Аталмыш орталықта өткен төтенше жағдайлардың алдын- алу және мамандардың әрекет ету алгоритмін пысықтауға бағытталған ауқымды практикалық жаттығудың мақсаты - пациенттерді қауіпсіз жерге эвакуациялаудың практикалық дағдыларын жетілдіру, қызметкерлердің азаматтық қорғаныс бөлімшелерімен үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

    Сонымен бірге құтқарушылар орталық мамандарына өрт сөндіру кезінде тілсіз жауды өшіретін құралдарды пайдалану және өзге де ережелермен таныстырды.

    Жаттығуға орталықтың барлық жауапты мамандары, Бостандық аудандық төтенше жағдайлар және Алматы қаласы Құтқару қызметінің өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті орталықтың Төтенше жағдайлар бойынша инженері Мырзахан Бекбосыновқа Алғыс хат табыс етті.

    Алматы қалалық Психикалық орталығы басты міндет халық денсаулығын нығайтумен бірге қызметкерлер мен емделушілерге қауіпсіз орта қалыптастыру екенін тағы бір көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары