
«Қарттар күні» (1 қазан) мерекесіне Саран қаласы мен Ақтас поселкесінде тұратын 75 жастағы және одан асқан адамдарға 5 АЕК (21 625 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төлеу жүргізілді.
✔ Көмекті тағайындаудың маңызды ережесі:
ҚР Үкіметінің қаулысына (30.06.2023ж. № 523) сәйкес мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек күнтізбелік жылда бір рет тағайындалады.
✔ Егер бірнеше жеңілдік мәртебесі болса, не істеу керек?
Бірнеше негіз болған жағдайда, төлем сомасы көбірек болған бір жеңілдік бойынша ғана тағайындалады. Ағымдағы жылдан бастап әртүрлі санаттар бойынша төлемдерді жинақтау заңнамада көзделмеген.








