
Ауылдық округ мамандары Сивковка ауылында аумақты абаттандыру қағидаларының талаптарын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Рейдтер барысында көшелер мен үй иелеріне іргелес аумақтарды тексеру жүргізіледі, қоқыстарды, қураған және арамшөпті өсімдіктерді уақтылы жинауға, аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстауға және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге назар аударылады.
Ауыл тұрғындарын өз үйлері мен іргелес аумақтарды абаттандыруға жауапкершілікпен қарауға, анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға және тазалықты сақтауға шақырамыз.









