Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

Рузаев ауылдық округінде өрттердің алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пешпен жылытуды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша тәуекел аймағына жататын тұрғындардың үйлерін профилактикалық аралау жүргізілді.
Аралау жұмыстарына учаскелік полиция инспекторы Кикбаев М.Т., Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ТЖ бөлімінің №16 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау старшинасы, №19 -ПП бастығының уақытша міндетін атқарушысы Бижон И.В. және Рузаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Әзербаев А.К. қатысты.
Аралау барысында тұрғындарға пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пеш жабдықтары мен түтін мұржаларына уақтылы техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ ақаулы пештерді пайдалануға жол бермеу қажеттілігі түсіндірілді.
Пешті жағу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.









