
Жұмыс сапары барысында Айыртау ауданының әкімі Мейрам Мендыбаев Қазан ауылдық округіндегі «Прекрасное» шаруа қожалығына барды.
Шаруашылық басшысы Бақыт Құсайыновпен кездесуде аудан әкімі мал азығын дайындау барысымен және егін жинау науқанының басталуымен танысты. Кездесу барысында шаруашылықтың қазіргі жұмысы және маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды.
Елец ауылдық округінде Мейрам Мендыбаев Елецкое ауылына кіреберіс жолдағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылауға алды.
Жол жөндеу жұмыстарын «Mavitale Stroy» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда жұмыстар аяқталу кезеңінде. Мердігер ұйым соңғы жұмыстарды жүргізіп, жол төсемін тиісті жағдайға келтіруде.
Жаңартылған жол ауылдың көлік қатынасын жақсартуға, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ тұрғындар мен жүргізушілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі жоспарланған барлық жұмыстарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтті.









