
Бүгін ауданымыздан сайланған Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдындағы есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттары есепті кезеңде атқарылған жұмыстар, сайлаушылармен кездесулер барысында көтерілген мәселелер, депутаттық сауалдар мен ұсыныстардың қаралуы, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарға атсалысуы туралы баяндады.
Депутаттар өз сөзінде тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тиісті деңгейде көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету – депутаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар ауданның инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдарының жай-күйі, ауызсумен қамту, елді мекендерді абаттандыру және жарықтандыру, әлеуметтік нысандардың жағдайы, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және басқа да тұрғындарды толғандыратын мәселелер назардан тыс қалмайтыны айтылды.
Есептік кездесудің маңызды бөлігі – сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша депутаттарға тікелей сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Өз кезегінде депутаттар көтерілген мәселелерді шешу жолдары бойынша түсініктемелер беріп, тиісті жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер алдағы депутаттық жұмыс барысында назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешу жолдары қарастырылатын болады.
Сайлаушылармен ашық диалог орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету – депутаттық қызметтің маңызды бағыттарының бірі.
Осындай есептік кездесулер халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
©Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі









