ШАУҒАР СЕКТОРЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

    ШАУҒАР СЕКТОРЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
    Түркістан қаласының Шауғар секторына қарасты М. Әбенова атындағы мектеп аумағында абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында сенбілік өтті.
    Тазалық жұмыстарына сектор қызметкерлері, мектеп ұжымы және тұрғындар қатысып, мектеп аумағы мен айналасын қоқыстан тазалау, ауланы ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
    Сенбілік барысында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны абаттандыру және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары