
8,5 млн электрондық анықтама және 5,6 млн онлайн жазылу: цифрландыру медициналық көмекті жеңілдетті
Қазақстанда медициналық қызметтерді цифрландыру қарқынды дамып келеді. 2025 жылы 215 млн-нан астам медициналық қызмет көрсетіліп, оның 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылды.
12 медициналық анықтама цифрландырылды. 2025 жылы азаматтарға 8,5 млн-нан астам электрондық анықтама берілді. Сондай-ақ 5,6 млн адам дәрігер қабылдауына онлайн жазылды.
Цифрлық шешімдер диагностиканы да жеделдетті: ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі 3 айдан 2 аптаға қысқарды.
2026 жылдан бастап балалар, әйелдер және жүкті әйелдерді цифрлық сүйемелдеу арқылы ауру қаупін ерте анықтау және медициналық бақылауды жақсарту жоспарлануда.
Алдағы уақытта e-Health порталы, бірыңғай онлайн қабылдау кестесі және мобильді қосымшалар іске қосылады. Негізгі мақсат — медициналық көмекті қолжетімді, жылдам және ыңғайлы ету.
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1271175?lang=kk








