"Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
"Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ауыл әкімінің аппараты) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Ауыл әкімінің аппараты өз қызметін жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес.
Жаңалықтар
АшуАуыл Аманаты бағдарламасы бойынша жобаларға микрокредит беру
АшуҚауіпті аймақ: экстремистік ұйымдардың достық, қолдау немесе ортақ қызығушылықтар кейпінде жасырынуы.
Ашу"World Cleanup Day" халықаралық экологиялық акциясы
АшуАуыл Аманаты бағдарламасы бойынша жобаларға микрокредит беру
АшуЧайковский ауылы әкімінің халықпен есептік кездесуі
Чайковский ауылы әкімінің халықпен есептік кездесуін өткізу туралы
Құжаттар
Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру
" Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; 2) "электронды үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға: жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын алу үшін: пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бірінші жұмыс күні; жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері екінші жұмыс күні беріледі; жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектілері үшінші жұмыс күні беріледі. көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін; жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша: Жүгіну кезінде: 1) қызмет көрсетушіге: осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық паспорттың телнұсқасын беруге өтініш. көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі; жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат; тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат; 2) порталға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі; ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:1) қызмет көрсетушіге: жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасы; 2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі; Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса; 3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болса. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына14-қосымша "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.03.2025 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер Осы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2026 № 118 (күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе; 3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы; 4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және оларды құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді; 3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды; 4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді; кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді; 5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді; 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды; 7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде: 1) өтінім көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келіп түседі; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар келіп түскен күні оларды орындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді; 3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды; 4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді; кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді; 5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді; 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды; 7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі. Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу; 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. "Жер учаскесін жеке меншіккеақысын бірден төлеп не бөліптөлеу арқылы сату" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына1-қосымша "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету түрі Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш; 2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді. 9 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 10 Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. "Жер учаскесін жеке меншіккеақысын бірден төлеп не бөліптөлеу арқылы сату" мемлекеттікқызметін көрсетуқағидаларына2-қосымша Нысан __________________әкіміне(облыстың,республикалық маңызы барқаланың, астананың, ауданның,облыстық және аудандықмаңызы бар қаланың,кенттің, ауылдың, ауылдықокругтің)____________________________кімнен ______________________(жеке тұлғаның аты, әкесініңаты (бар болса), тегі не заңды____________________________тұлғаның толық атауы)____________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі небизнес-сәйкестендіру нөмірі)____________________________(жеке тұлғаның немесе заңдытұлғаның немесе өкілінің жекебасын куәландыратын құжаттыңдеректемелері,____________________________байланыс телефоны (бар болса),____________________________орналасқан жерінің мекенжайы(заңды тұлғалар үшін) не____________________________тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш ______________________________________________________________________ үшін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) ______________________________________________________________________________ (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)) _______________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ауданы ____________ гектар жер учаскесіне ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі. Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса),тегі/электрондық цифрлық қолтаңбасы) 20___жылғы " " "Жер учаскесін жеке меншіккеақысын бірден төлеп не бөліптөлеу арқылы сату" мемлекеттікқызметін көрсету қағидаларына3-қосымша Нысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені: __________________________________________________________________________ бас тарту себептерін санамалау) Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек): __________________________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші ____________________________________________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20 жылғы " " ___________
Хабарландыру
Құрметті Чайковский ауылының тұрғындары! «Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» ММ, 2026 жылғы 7 қазанда сағат 15.00-де әкімдік ғимаратында Чайковский ауылының жергілікті қауымдастығының жиналысы өтетінін хабарлайды. Күн тәртібінде: Жітіқара ауданының Чайковский ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бос қалдықты бөлу бойынша бюджетін нақтылау
Әлеуметтік көмек көрсету тәртібін жаңарту: төлемдердің жаңа өлшемдері мен мөлшері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілуіне байланысты, Жітіқара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 435 шешімімен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың жаңа қағидалары бекітілді. Бірыңғайландыру шеңберінде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздері, әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері, кезеңділігі, шарттары мен тәртібі қайта қаралды. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады: 1. дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі; 2. өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі; 3. әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы; 4. республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кірістің болуы. Елеулі өзгерістердің бірі – жан басына шаққандағы орташа кірістің белгіленген шектен төмен тұлғаларға (отбасыларға) көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерінің ұлғайтылуы болып табылады. Аталған көмек жылына бір рет 15 АЕК мөлшерінде көрсетіледі, ал бұрын оның мөлшері 7 АЕК-ті құраған. Жан басына шаққандағы орташа табыс өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есепке алынады. Сондай-ақ, біріздендіру шеңберінде әлеуметтік көмекті көрсету мерзімділігіне бірыңғай тәсілдер айқындалды – біржолғы немесе мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет), сондай-ақ азаматтардың өтініш жасау және өтініштерді қарау тәртібі нақтыланды. Қабылданған өзгерістер әлеуметтік көмек көрсетудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуге, оның атаулылығы мен ашықтығын арттыруға, алушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.
Хабарландыру
Құрметті Чайковский ауылының тұрғындары! «Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 28 тамыздағы сағат 15:00-де Чайковский ауылында әкімдік ғимаратында келесі күн тәртібімен жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетінін хабарлайды: Жітіқара ауданының Чайковский ауылының 2027-2029 жылдарға арналған бюджетінің жобасын жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу туралы.