Әлеуметтік көмек көрсету тәртібін жаңарту: төлемдердің жаңа өлшемдері мен мөлшері

    "Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілуіне байланысты, Жітіқара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 435 шешімімен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың жаңа қағидалары бекітілді.

    Бірыңғайландыру шеңберінде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздері, әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері, кезеңділігі, шарттары мен тәртібі қайта қаралды.

    Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

    1. дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    2. өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

    3. әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

    4. республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кірістің болуы.

    Елеулі өзгерістердің бірі – жан басына шаққандағы орташа кірістің белгіленген шектен төмен тұлғаларға (отбасыларға) көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерінің ұлғайтылуы болып табылады. Аталған көмек жылына бір рет 15 АЕК мөлшерінде көрсетіледі, ал бұрын оның мөлшері 7 АЕК-ті құраған. Жан басына шаққандағы орташа табыс өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есепке алынады.

    Сондай-ақ, біріздендіру шеңберінде әлеуметтік көмекті көрсету мерзімділігіне бірыңғай тәсілдер айқындалды – біржолғы немесе мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет), сондай-ақ азаматтардың өтініш жасау және өтініштерді қарау тәртібі нақтыланды.

    Қабылданған өзгерістер әлеуметтік көмек көрсетудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуге, оның атаулылығы мен ашықтығын арттыруға, алушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Хабарландыру

    Құрметті Чайковский ауылының тұрғындары! «Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 28 тамыздағы сағат 15:00-де Чайковский ауылында әкімдік ғимаратында келесі күн тәртібімен...

    Тізілім

    Кезекте тұрғандар тізілімі 2026 жылғы шілдеде жер учаскесін алуға

    Кезекте тұрғандар тізілімі 2026жылғышілдедежер учаскесін алуға № ТАӘ өтінім № Өтініш күні Жазба күйі Аймақ 1 2 3 4 5 6 1 жоқ - - - -

    Ақпарат

    ЕГЖК АЖО МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ: ЖЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА РӘСІМДЕУ

    Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының автоматтандырылған жұмыс орнында (БМЖМК АЖО) үш мемлекеттік қызмет іске қосылды: жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату, жер учаскесін жалда...

    Хабарландыру

    Хабарландыру

    Құрметті Жітіқара ауданының Чайковский ауылының тұрғындары! «Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 15:00-де Чайковский ауылы әкімдігі ғимаратында жергі...

    Ақпарат

    Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат, әкімнің есебі барысында айтылған ауыл халқының ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша Жітіқара ауданыЧайковский ауылы 2026 жылғы 2 шілде

    Тізілім

    Кезекте тұрғандар тізілімі 2026 жылғы маусымда жер учаскесін алуға

    Кезекте тұрғандар тізілімі 2026 жылғы маусымда жер учаскесін алуға № ТАӘ өтінім № Өтініш күні Жазба күйі Аймақ 1 2 3 4 5 6 1 жоқ - - - -

    Ақпарат

    Жітіқара ауданының Чайковский ауылы 2026 жылғы екінші тоқсандағы жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері

    (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 14-тармағына сәйкес) № Жеке тұлғаның / заңды тұлғаның атауы Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесін беру негізі Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің ау...

    Ақпарат

    2026 жылғы 2 тоқсан азаматтардың өтініштерімен жұмыс жағдайы туралы

    Қарастырылып отырған кезең үшін "Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты" ММ 1 өтініш түсті № Мемлекеттік органның атауы Өтініштердің жалпы саны оның ішінде өтініштердің түрлері бойынша өтініштер шағымдар...