Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру

    "Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

    " Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы";

    2) "электронды үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға:

    жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын алу үшін:

    пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бірінші жұмыс күні;

    жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері екінші жұмыс күні беріледі;

    жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектілері үшінші жұмыс күні беріледі.

    көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;

    көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;

    жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша:

    Жүгіну кезінде:

    1) қызмет көрсетушіге:

    осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық паспорттың телнұсқасын беруге өтініш.

    көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

    жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;

    тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат;

    2) порталға:

    ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

    жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;

    ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) қызмет көрсетушіге:

    жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасы;

    2) порталға:

    көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі;

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

    2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

    3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болса.

    Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

    Ұқсас материалдар

    Қағида

    "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    Қазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығыминистрінің2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына14-қосымша "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары Ескерт...

    Хабарландыру

    Хабарландыру

    Құрметті Чайковский ауылының тұрғындары! «Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» ММ, 2026 жылғы 7 қазанда сағат 15.00-де әкімдік ғимаратында Чайковский ауылының жергілікті қауымдастығының жиналысы өтетіні...

    Ақпарат

    Әлеуметтік көмек көрсету тәртібін жаңарту: төлемдердің жаңа өлшемдері мен мөлшері

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілуіне байланысты, Жітіқара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 435 шешімімен Әлеумет...

    Хабарландыру

    Хабарландыру

    Құрметті Чайковский ауылының тұрғындары! «Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 28 тамыздағы сағат 15:00-де Чайковский ауылында әкімдік ғимаратында келесі күн тәртібімен...

    Тізілім

    Кезекте тұрғандар тізілімі 2026 жылғы шілдеде жер учаскесін алуға

    Кезекте тұрғандар тізілімі 2026жылғышілдедежер учаскесін алуға № ТАӘ өтінім № Өтініш күні Жазба күйі Аймақ 1 2 3 4 5 6 1 жоқ - - - -

    Ақпарат

    ЕГЖК АЖО МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ: ЖЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА РӘСІМДЕУ

    Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының автоматтандырылған жұмыс орнында (БМЖМК АЖО) үш мемлекеттік қызмет іске қосылды: жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату, жер учаскесін жалда...

    Хабарландыру

    Хабарландыру

    Құрметті Жітіқара ауданының Чайковский ауылының тұрғындары! «Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 15:00-де Чайковский ауылы әкімдігі ғимаратында жергі...