ҚАЗАЛЫДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

    Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында Қазалы ауданында тұрғындармен кездесу өтті.

    Жиында тұрғындар қаржылық қауіпсіздікке қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, департамент өкілдерінен жан-жақты жауап алды. Әсіресе, қаржы пирамидаларының белгілері, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары және лудоманияның қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірілді. Тұрғындарға айтылған мәселелер аясында бейнероликтер көрсетіліп,ақпараттық жадынамалар таратылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары