ВЕЙП – СӘН ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП!

    Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті волонтерлермен бірлесіп, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында облыс мектептерінің оқушыларына арналған профилактикалық дәрістер өткізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу.

    Қазіргі уақытта 600-ден астам оқушы қамтылды. Дәріс барысында электронды темекінің адам денсаулығына зияны, никотинге тәуелділіктің салдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында вейп өнімдерінің айналымына қатысты заң талаптары мен жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары