ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институты студенттерімен кездесу өтті.

    Іс-шараға IT, Data Management және киберқауіпсіздік бағыттарында білім алып жатқан студенттер қатысты. Кездесу барысында жастарға қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге экономикалық қызмет саласында жұмысқа орналасу тәртібі, қойылатын талаптар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті" жаңалықтары